Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының Сайрам аудандық филиалында 2017 жылы 121 жоба қаржыландырылды.
Сайрам ауданының 17 шаруа қожалықтары жылыжай кешеніне субсидия алу үшін кәсіпкерлер Палатасына жүгінген. Палата сарапшылары жобаларды қолға алып, қажетті құжаттарды әзірлеп, нәтижесінде жалпы құны 23 565 500 тг құрайтын субсидия бөлінген. Сайрам аудандық Кәсіпкерлер Палатасымен қаралған тағы бір жобалардың бірі – жылына 200 тонна қозықұйрық (шампиньон) өсірумен айналысатан «Agro Greens» ЖШС. «Бұл серіктестік 2016 жылдың басында өз қаражатына жылыжай құрылысын 500 млн теңгеге бастаған болатын. Қаржы айналымын толықтыру үшін (шикізіт,торф,сабан т.б..) алу мақсатында Сайрам аудандық Кәсіпкерлер Палатсына жүгінді. Біз, яғни, Палата эксперттері «Agro Greens» ЖШС жобасын сүйемелдеуімен, қажетті құжаттарды дайындауымен, «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-мен бірлесіп, нәтижесінде қажетті қаражатқа, яғни 30 млн тг құрайтын несиеге қол жеткізілді», - деп атап өтті Сайрам аудандық Кәсіпкерлер Палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің эксперті Қайрат Асылболатов. Сайрам аудандық кәсіпкерлер Палатасымен 2016 жылы, жалпы құны 805 млн теңге құрайтын 102 жоба қаралса, ал 2017 жылы 19 жобаға артып, құны 1 043 705 500 теңгені құрайтын 121 жоба қаржыландырылған. ОҚО-да 2017 жылдың алғашқы 10 айында 7 млн қызмет электронды түрде көрсетілген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024