Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттарды дайындау сыныптарына байқау жүріп жатыр

Салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттарды дайындау сыныптарына байқау жүріп жатыр

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұранысқа ие 16 бағыт бойынша салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттарды дайындаумен айналысатын ұйымдар мен мамандар арасында іріктеу байқауын жалғастырып жатыр.

Іріктеуден өткен ұйымдармен және мамандармен келісімшартқа қол қойылады. Осының арқасында түрлі экономика салаларында қызмет жасайтын мамандарға келешекте жас мамандарды оқытаттын индустрия стандарттарын қалыптастыру үшін өзінің кәсіби тәжірибесін қолдануға мүмкіндік беріліп отыр.

Жарияланған байқау әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар, шағын және орта бизнесті дамыту, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп, медициналық қызметтер, сауда-саттық, логистика және жеткізу қызметі, азық-түлік өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шарашылығы, машина құрастыру және металл өңдеу, қаржылық сектор, агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургиялық өнеркәсіп, энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі салалары бойынша салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттарды дайындауды көздейді.

Салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттарды дайындау жөнінде келісімшартқа отырғысы келетін мамандар мен ұйымдар 2018 жылдың 02 шілдесіне дейін байқауға қатысуға қызығушылығын білдіріп, «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының Басқару тобына ілеспе құжаттаманы жібере алады.

Салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің қаржылай және техникалық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында дайындалып жатыр. 

Похожие материалы