Salta - Қазақстандық киім, әшекейлер және аяқ-киім маркаларының бірі. Брендтің негізін салушы белгілі модельер - Салтанат Баймұхамедова.
Салтанат деген кім?
Салтанат Баймұхамедова Алматы технология университетінің жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінде модельер-технолог мамандығы бойынша білім алған. Студент кезінен жас дизайнерлерге арналған көптеген байқауларға қатысып, бағын сынаудан жалықпаған. Оқу бітірген соң жеке ательелерде жұмыс істейді. Содан соң 2002 жылы өзінің жеке цехын ашады. Бірақ, ол кезде шағын ортада ғана танымал болады. Кейін 6 жыл көлемінде тәжірибе жинаған Салтанат өз арманын жүзеге асыруға бел буады.Бренд тарихы
Брендтің тарихы 2008 жылдан бастау алады. Сол жылы Салтанат «Trend&Tendance»агенттігі арқылы өзінің арманын жүзеге асырады. Париж қаласында оның алғашқы коллекциясының көрсетілімі болып өтеді. Бірнеше айдан соң Алматы қаласында алғашқы киім дүкені ашылады. Сол уақытта бері Salta Қазақстан мен ТМД елдерінің аруларын Kazakhstan Fashion Week-те таң қалдырып келеді.Киімдерінің бағасы қандай?
Salta киімдерінің бағасы орташа. Біреулері үшін өте қымбат көрінсе, енді біріне қол жетімді саналады. Мысал ретінде киімдердің орта бағасын келтіре кетейік: бешпенттер 29 000 теңге, шалбарлар 29 000 теңге, көйлектер 28 000 теңге және блузкалар 16 000 теңге. Дизайнердің ендігі көздегені - тек таңдаулы топқа ғана емес, барлығына арналған, қолжетімді киімдер тігу. 2014 жылғы дағдарысқа байланысты киімдерінің бағасы түскен. Жыл сайын Salta бренді алты коллекция шығарады: екі негізгісі «Kazakhstan Fashion Week» үшін, бір бизнес-коллекция және қосымша ретінде тағы үш коллекция. Бұған дейін Салтанаттың Dr.Martens, Timberland және Vagabond ботинкалары Интертоп дүкендерінің сөрелерінде сатылған болатын.Тұтынушылары мен дүкендері
Қазіргі таңда аталған брендтің тек бір ғана дүкені бар. Оның себебін дизайнер шашыла бергенді қаламаймын деген бір ауыз сөзбен түсіндіреді. Сонымен бірге, Атырау және Ақтөбе қалаларына бөлімшелері орналасқан. Ол бөлімшелерде Salta киімдерін сатуға лицензия алған серіктестері жұмыс жасайды. Дизайнердің киімдеріне қазақстандықтардан гөрі Еуропа мен Ресей елінің тұрғындары қызығушылық танытады. Көпшіліктің неге бір ғана дүкені бар деген сұраққа Салтанат бірнеше жерден ашу тым қымбат болып кетеді деп жауап береді.Жарнамалық бюджет
Бүгінде идеялар мен жобалар саны көп. Десе де, Салтанат Баймұхамедова ақшасының барлығын жарнамаға сарп еткенді қаламайды. Жеке сайттары salta-fashion.kz және әлеуметтік желілердің арқасында да тауарды өткізуге болады дейді дизайнер. Брендті ары қарай дамыту үшін барын салатын мамандар да бар. Олар серіктестік және өзге де жұмыстарды жолға қоюға көмектеседі. Бірақ, Салтананатты мақсаты көрінген жерден шыға бермей, резонанс тудыруы мүмкін деген жобаларды ғана қолға алу. Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024