Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – Салықтық амнистия аясында 28 мың шағын және орта бизнес субъектілері салықтық берешекті өтеуге мүмкіндік алды, - деп мәлімдеді қаржы министрі Әлихан Смайылов.
«Салықтық рақымшылық шеңберінде 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі төленген жағдайда салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады. 28 мың салық төлеуші 5,9 млрд теңгеден астам берешегін өтеді. Тиісінше, 1 млрд теңге өсім және 0,1 млрд теңге айыппұл есептен шығаруға жатады», - деді ол 11 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында.
Жалпы, салықтық рақымшылыққа 210 млрд теңге борышы бар шамамен 90 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің салық төлеушісі ілігеді.
Бұл борыштар төленген кезде Қаржы министрлігі 130 млрд теңге өсімақы мен айыппұлды алып тастайды.
Министрдің айтуынша, елімізде жеке тұлғаларға қатысты салықтық рақымшылық жүргізу мақсатында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілетін болады.
«1 млн 387 мың қазақстандықтың 21 млрд теңге көлемінде салықтық берешегі бар, оның 6,6 млрд теңгесі – өсім. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берешегін өтеген азаматтардың өсімі жойылатын болады», - деді министр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024