Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Самұрық-Қазына" банктерден қарыз алады

"Самұрық-Қазына" банктерден қарыз алады

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры қарыздары бойынша іс жүргізу мақсатында қазақстандық банктерден шетелдік валюта түрінде қарыз алады. Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

"Жалпы алғанда шетелдік валютадағы займ көлемі $37 миллиардты құрайды. Мұл қаржы осы қарызға қызмет көрсету үшін қажет. Тек 2015 жылдың өзінде ғана $4,7 млрд керек болып отыр. Сонымен қатар, біз инвестициялық жобаларымыз бен олардың аясындағы міндеттемелеріміз бойынша $1 млрд қарызды жабуға тиіспіз. Мүмкін біздің екінші деңгейлі банктеріміз бізге займ беруді ойластыратын болар. Теңге бойынша қазір БҰЗҚ-тан (Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры) қаржы алу жағын ойластырып жатырмыз", - деді ол.

Өмірзақ Шүкеев ұсынған мәліметтер бойынша, Мемлекеттік қоры осы жылы $2-$2,5 млрд көлемінде қарыз алмақ. Қазіргі кезде ең ыңғайлы шарттар бойынша ішкі және сыртқы нарықты сараптау жүргізіліп жатқан көрінеді.

"Егер сыртқы нарықты ыңғайлы деп шешсек, сол жаққа шығамыз. Алайда біз ішкі нарықты игерудің дұрыс екендігін байқап отырмыз. Бұл жақта теңге түрінде қарыз алу мүмкіндігі бар. Жалпы алғанда компанияға барынша тиімді қадам жасауға ұмтыламыз", - деді Басқарма төрағасы.

Похожие материалы