"Самұрық-Қазына" қоры "Халықтық IPO-ға" 5 компаниясын шығарады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары барысында Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, "Халықтық ІРО" аясында "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Қазатомпром" АҚ, "Қазақстан темір жолы" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және "Тау-Кен Самұрық" АҚ компанияларының акциялар үлесі сатылымға шығарылады. "Бұл өте үлкен жоба. Инвесторлар қатты қызығушылық танытып отыр", - деп атап өтті Д.Ердебай.
Қордың басқарма төрағасы орынбасарының сөзінше, "Самұрық-Қазына" қоры "Қазақтелеком" АҚ және "Air Astana" акцияларын екінші қайтара сатылымға шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары қазақстандық-британдық іскерлік кеңестің отырысы өтті. Бизнес-форум қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" тобының компаниялары 3 млрд доллар көлеміндегі келісімге қол қойды.
Фото vlast.kz сайтынан алынды
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024