Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Самұрық-Қазына" үлестес компанияларына валюталық операцияларды жасауға тыйым салды

"Самұрық-Қазына" үлестес компанияларына валюталық операцияларды жасауға тыйым салды

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры үлестес компанияларына өндірістік қажеттіліксіз валюталық операцияларды жүргізуге тыйым салды деп хабарлады қор басшысы Өмірзақ Шөкеев.

"Біз арнайы корпоративтік стандарт қабылдадық, ол бойынша біздің барлық үлестес компанияларымызға өндірістік қажеттіліксіз валюта нарығында операциялар жүргізуге тыйым салынады. Олар бізге, яғни "Самұрық-Қазынаға" сол валюта қажет екендігін дәлелдеуі тиіс", - деп мәлімдеді жұма күні Астанада өткен брифинг барысында.

Ө.Шөкеевтің айтуынша, Қазақстанның ұлттық компаниялары тарапынан валюталық немесе қаржылық заңнамалар бұзылмаған. Қордың 2010 жылдан бері ұлттық компанияның жасаған операцияларына өткізген талдауына сәйкес, компаниялардың шамамен 40%-ы өз депозиттерін валютада сақтап келеді екен.

"2014 жылы біздің компаниялар валюта нарығында $9,2 млрд сатып, өндірістік мақсаттарда $5,7 млрд сатып алған. Яғни сатқаннан гөрі сатып алғаны анағұрлым аз. Осылайша, біздің компаниялар теңге бағамына қолдау көрсетті", - деп түсіндіре кетті қор басшысы.

Похожие материалы