
Министрлік "Нұрлы жол" бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының 68%-ын игерді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
2015 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасына ұлттық қордан 770 млрд теңге бөлінген. 1 қарашаға дейін қаржының 523,7 млрд теңгесі игерілді.
Министрдің айтуынша, мемлекет қаржысы толық игерілмеген. Қаржының өз уақытында игерілмеуінің басты мәселесі - орындалған жұмыс көлемі туралы актілердің кешіктіріліп жеткізілуі.
"Бұл мәселе жалға берілетін тұрғын-жайлардың құрылысында, тұрғын үй-коммуналдық қызметі бойынша су тарту жән жылумен қамтамасыз ету жұмыстарында туындап отыр", – деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ пен "Бәйтерек" холдингінің қаржыны игеру жұмыстары бойынша қарыздары бар. "Қуандық Бішімбаев («Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары - ред.) айтып кеткендей, қаржыны игеру бойынша жалға алынатын тұрғын үйлер құрылысы мен экспорттық несие арқылы отандық өндірісті қолдауда 54,6 млрд теңге қалды. Сонымен бірге, автокөлік шығару ісінде де қаржы толық игерілмеген", – деді Е. Досаев.
Сонымен, көлік-логистика инфрақұрылымы бойынша, мемлекеттік қор жыл соңына дейін 14,8 млрд теңгені және 2016 жылдың бірінші тоқсанына дейін әуежай құрылысы бойынша 9 млрд теңге қаржыны игеруі тиіс.
Фото: news.mail.ru
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025