Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» қорының 2018 жылдың I жарты жылдығында негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, операциялық қызмет бойынша жоспар 78%-ға орындалып, табыс көлемі 428 млрд теңгеге жетті, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 43,1%-ға артық.
«Мұнай өңдеу көлемі 13%-ға, электр энергиясының өндірісі 28%-ға, темір жол жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты. Мұнда көмірсутектер бағасының оң қарқыны елеулі маңызға ие болды», — деді Е. Жанәділ.
Қор мен оның жетекші портфельдік компанияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту бағытындағы жұмыс нәтижелері де аталып өтті: 2018 жылдың І жарты жылдығында Қор сыртқы қарыз көлемін $900 млн-ға азайтты, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның $1,6 млрд халықаралық облигациялары өтелді, «Самұрық-Энерго» АҚ 39 млрд теңгеге жуық қарызын мерзімінен бұрын төледі.
Бұдан өзге, спикердің айтуынша, қор «Қазкоммерцбанк» АҚ-да көлемі 117 млрд теңгені құрайтын бұғатталған депозиттегі қаржысын мерзімінен бұрын алды, сондай-ақ кезекті екінші деңгейлі банкпен 220 млрд теңге көлеміндегі депозитті қайтару туралы келісімге қол қойылды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024