Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - "Қазақстан қор биржасы" сауда жүйесінде 2017 жылдың 3 тамызында "Самрұқ-Қазына" облигацияларын сату бойынша 25 млрд теңге көлемінде мамандандырылған сауда өтті.
"Облигация арқылы қаражат тарту Қор үшін соңғы екі жылдағы сәттісі болды және нарықта қазақстандық бағалы қағаздарға деген инвесторлардың қызығушылығының жоғары екенін растайды", - дейді Казкоммерц Секьюритиз басқармасының төрағасы Жақсыбек Шыңғыс.
Бұл облигациялардың ерекшелігі сауда барысында сатылған құнды қағаздардың мөлшері 2017 жылдың өткен кезеңіндегі екінші көлемде, және өтеу уақыты ең ұзағы - 10 жыл.
Инвесторлар көбінесе қысқа уақыттық қаржы құралдарына қызығушылық танытса да, Қор облигацияларын сату кезінде сұраныс 38,3 млрд теңгені құрады. Яғни, ұсыныстан 53 пайыз жоғары (13,3 млрд теңге).
Өтініштері қабылданған сатып алушылар құрылымы:
Екінші деңгейлі банктер - 4,0 пайыз;
Брокер-дилерлік компаниялар - 5,2 пайыз;
Басқа институциялық инвесторлар мен сақтандырушы компаниялар - 78,8 пайыз;
Өзге заңды тұлғалар - 12,0 пайыз;
Жеке тұлғалар - 0,004 пайыз.
Облигация сату мен листинг барысындағы Самрұқ-Қазынаның қаржылық кеңесшісі мен андеррайдері - "Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024