Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Samsung Electronics компаниясы ұялы құрылғылардың жаңа түрі Galaxy Fold смартфонын шығарды. Galaxy Fold моделі әлемде алғаш рет диагоналі 7,3 дюйм болатын Infinity Flex Display жақтаусыз экранымен жабдықталған.
Galaxy Fold пайдаланушыларға толықтай жаңа пайдаланушы тәжірибесін және көп функцияналы мүмкіндіктерді береді.
"Бүгін Samsung заманауи смартфондардағы мүмкін болатын шекараларды кеңейте отырып, мобильді инновациялар тарихының жаңа тарауын ашады. Galaxy Fold моделі құрылғылардың жаңа санаты болып табылады және Infinity Flex Display икемді экранының арқасында бірегей мүмкіндіктерді ұсынады... Біз Galaxy Fold-ті дәстүрлі смартфондардың мүмкіндіктерінен асып түсетін, жиналмалы құрылғыларға қызығатын пайдаланушылар үшін жасадық", - деді IT және Mobile Communications Samsung Electronics Президенті мен бөлімшесінің басшысы Донг Джин Ко (DJ Koh).
Смартфон мен планшет бір құрылғыда
Galaxy Fold - бүгінгі таңдағы ең үлкен экраны бар смартфон. Samsung мұнда икемді экранның алғашқы прототипін шығарған сәттен бастап сегіз жылдан астам уақыт бойы пайда болған материалдар, инновацияларды, дизайн және дисплей технологияларын қамтыған.
Жаңа дисплей материалдары:
Смартфонның ішкі экраны тек ғана икемді емес. Ол бүктеледі. Жиналмалы экран - көпжылдық зерттеу мен инновацияның нәтижесі. Смартфонның экраны жаңа полимерлік қабаттан құралған және кәдімгі смартфондардың экрандарынан екі есе жұқа.
Инновациялық шарнир механизмі:
Galaxy Fold смартфоны кітап сияқты тегіс ашылады. Инновациялық қосқыш модульдің арқасында оңай бүктеледі. Смартфонның стильді корпусының ішінде жасырылған модуль ішкі дисплей бөлігі мен бүгу механизмін сенімді қорғайды.
Жаңа дизайн элементтері:
Samsung экраннан корпусқа дейін сіз көретін немесе қол тигізетін әр бөлшекке, әрбір элементке назар аударған. Құрылғыны қолыңызда ұстағанда, әдетте үлкен саусағыңыз тұрған жерде орналасқан саусақ ізі сканері смартфонды оңай құлпын ашуға мүмкіндік береді. Смартфон Space Silver, Cosmos Black, Martian Green және Astro Blue түсті нұсқаларында ұсынылған, ал шарнирдегі Samsung логотипі құрылғының әсем дизайнын толықтырады.
Жаңа тәжірибе:
Galaxy Fold әзірлеу кезінде Samsung инженерлері смартфондардың қазіргі заманғы иелерінің барлық қажеттіліктерін ескеруге, ірі және ыңғайлы форм-факторлардың құрылғыларына деген сұранысты қанағаттандыруға тырысқан. Құрылғы пайдаланушыға қажет болған кезде экран өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді. Қоңырау шалу және мәтіндік хабарламаларға жауап беру үшін телефонды қалтадан алып, телефонның алдыңғы тақтасындағы (cover display) сенсорлы экранды пайдалану жеткілікті. Ал бірнеше қолданбамен бір уақытта жұмыс істеу немесе суретті (презентацияларды, электрондық журналдарды, фильмдерді немесе қосымша шынайы мазмұнды көру үшін) ұлғайту қажет болса, құрылғыны ашып, ең үлкен дисплейді пайдалануға болады.
Galaxy Fold үшін арнайы жасалған бірегей пайдаланушы интерфейсі смартфонның барлық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірнеше терезелерді қолдау:
Смартфон бір мезгілде үш белсенді қосымшаны ашуға мүмкіндік береді. Жаңа интерфейс арқылы пайдаланушы Amazon Prime Video-дің соңғы нұсқаларын қарап, рецензиялар мен шолуларды оқып, месенджер арқылы тіркеме сілтемесін жіберу арқылы достарын қосылуға шақыра алады – және осының барлығы бір экранда.
Екі экранды интеграцияланған қолдау:
Интерфейс сыртқы экраннан ішке және керісінше ыңғайлы ауысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Galaxy Fold бағдарламасын ашу және жабу кезінде қосымшалар пайдаланушы жұмыс істейтін экранда автоматты түрде көрсетіледі. Мысалы, телефонды бүктелген түрде пайдалана отырып, жаңалықтар лентасын бір қолмен айналдырудың арқасында Instagram-да байланыста қалуға болады. Ал егер суретке түсіру, фотосуретті өңдеу немесе пост мұқият оқу қажет болса, смартфонды ашып, үлкен экранмен жұмыс істеу керек.
Samsung Galaxy Fold пайдаланушы интерфейсінде Facebook, WhatsApp және YouTube сияқты таңдаулы қосымшалар мен сервистерге қолдау көрсету үшін Google және Android әзірлеушілер қауымдастығымен белсенді қарым – қатынас ұстанады.
Жиналмалы құрылғылар үшін ерекше өнімділік
Galaxy Fold смартфонының қуатты аппараттық платформасы бар. Ол белсенді қолдану және өнімділікті арттыру қажет болған жағдайға жасалған.
Өнімділігі:
Samsung Galaxy Fold-ді жаңа буынның қуатты процессоры (AP чипсеті) және компьютерлік деңгейде өнімділігі 12 ГБ оперативті жадымен жабдықтады. Смартфонда екі аккумуляторы бар арнайы әзірленген күрделі қуат жүйесі орнатылған. Galaxy Fold сымсыз кері зарядтау технологиясының арқасында басқа мобильді құрылғыларды бір мезгілде қуаттауға қабілетті.
Мультимедиамен ерекше жұмыс:
Galaxy Fold ойын-сауық үшін жасалған. Asphalt 9 сияқты сүйікті фильмдер мен ойындар AKG инженерлері баптаған стереодинамиктерден жасалған Dynamic AMOLED экранындағы иммерсивті бейненің және таза дыбыстың арқасында жаңадан өң алып, одан да бай дыбыс пен түс береді.
Камералардың ең әмбебап жүйесі:
Смартфоныңыз бүктелген немесе кеңейтілген түрде де камерамен түсіре аласыз. Алты камераның арқасында, олардың үшеуі артында, екеуі – ішкі жағында және біреуі – бет жағында орналасқан. Бұл, бейне қоңыраулары кезінде бірнеше қолданбаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Galaxy Fold-пен кез келген міндеттерді орындау
Galaxy Fold - бұл ұялы құрылғыдан артық. Смартфонды заманауи ДК деңгейінде қуатты өнімділікке қол жеткізе отырып, Samsung DeX-ке қосуға болады. Bixby жеке көмекшісі жаңа зияткерлік функцияларды, оның ішінде Bixby Routines-ті қолдайды. Ал Samsung Knox технологиясы пайдаланушының ақпараты мен жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Samsung Pay көмегімен сатып алуды жүзеге асырғаннан бастап және өзінің физикалық жағдайы мен денсаулығын бақылау үшін Samsung Health функцияларына дейін құрылғы иелеріне Galaxy экожүйесінің барлық мүмкіндіктері қолжетімді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024