Оңтүстік кореялық Samsung жаңа Galaxy S6 Active смартфоны шығатыны туралы хабарлады. Бұл жөнінде америкалық AT&T операторының хабарламасынан белгілі болды. Осы оператор жаңа құрылғыны тарататын болады.
Смартфон корпусының материалы өте сапалы пластиктен жасалған. Құрылғы IP68 қорғау сертификатына ие болған. Бұл дегеніміз, смартфон соққыға берік әрі шаң өткізбейтін болады деген сөз. Сонымен бірге, 30 минутқа дейін тереңдігі 1,5 метрлік суда да жұмыс істей береді. Мінездемесі осыған дейінгі компания флагманы Galaxy S6-ға ұқсас. Аппарат Quad HD Super AMOLED атты 5,1 дюймдік дисплеймен және компанияның өзі шығаратын Exynos сегіз ядролық процессормен жабдықталған. Бірақ, жаңа құрылғыда саусақ іздері арқылы сканерлеу жоқ. Бірақ, қорғалған смартфонның батареясының сыйымдылығы көбірек - 3500 миллиампер-сағат. Құрылғының негізгі камерасы 16 мегапиксель, алдыңғы камерасы топпен селфи жасауға ыңғайластырылған. Ішкі жадының көлемі - 32 гигабайт. Смартфон Android Lollipop 5.0.2 басқаруымен жұмыс істейді. 12 маусымнан бастап гаджетті AT&T сайты арқылы немесе АҚШ дүкендерінен сатып алуға болады. Келісім-шартсыз бағасы - 695 доллар. Samsung америкалық оператормен осымен үшінші жыл бірге жұмыс істеп келеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024