Оңтүстік Кореялық электроника өндірушісі Samsung Electronics Co. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша рекордтық кіріс алуды және операциялық пайданы 1,5 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Компанияның 31 наурызда аяқталған тоқсанның нәтижелері бойынша операциялық кірісі 14,1 триллион оңтүстік кореялық вонды (11,6 миллиард доллар) құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 9,4 триллион вонды құраған еді.
Табыс 18%-ға, яғни 77 трлн вонға дейін өсіп, алдыңғы тоқсанда қол жеткізілген 76,6 трлн вон рекордын жаңартты.
Сонымен қатар, тағы бір Оңтүстік Кореялық электроника өндірушісі LG Electronics Inc. операциялық кірісін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға, яғни 1,88 трлн воннан ($1,54 млрд) 1,767 трлн вонға дейін арттырды. FactSet талдаушылары бұл көрсеткіш 1,374 трлн вон деңгейінде болады деп болжаған еді.
Ал компанияның табыс көрсеткіші 19%-ға артып, 21,109 трлн вонды құрайды.
Бейсенбі күні Сеулдегі сауда-саттықта Samsung акцияларының баға белгіленімі 0,7%-ға төмендеп, LG – 0,4%-ға қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024