Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung пен Verizon 5G технологиясын қолдайтын смартфондар шығарады

Samsung пен Verizon 5G технологиясын қолдайтын смартфондар шығарады

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz – Verizon провайдері мен  Samsung электроника өндірушісі 2019 жылы АҚШ-та 5G технологиясын қолдайтын смартфондар шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бұған дейін Bloomberg агенттігінің дереккөздері хабарлағанындай, бәсекелес Apple компаниясы 2020 жылдан ерте уақытта 5g смартфонын шығаруды көздеп отырған жоқ. Reuters пікірінше, бәсекелестің мұндай шешімі Samsung пен Verizon компанияларының болашақта 5G желісіне қосылғысы келетін тұтынушыларды алдын ала өзіне қаратуына мүмкіндік береді. Бесінші буынның ұялы байланыс стандарты (5G) бүгінгі таңдағыға қарағанда жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. 2020 жылға қарай жаңа буын желілерін коммерциялық пайдалану басталады деп күтілуде. Деректерді беру жылдамдығы 25 Гбит / с-қа жетті. Бұл көрсеткіштер 8K (Ultra HD) ажыратымдылығында бейнені онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.

Похожие материалы