Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung Volkswagen-ның ізін қайталауы мүмкін

Samsung Volkswagen-ның ізін қайталауы мүмкін

Samsung компаниясын сертификациялық зертханаларды алдап отыр деп айыптауы мүмкін деп хабарлайды The Guardian. Басылымның жазуынша, Samsung теледидарлары сынақ кезінде автоматты түрде жарығын азайтып, энергия шығынын кемітіп көрсетіп отырған. Ал қарапайым тұтынушы сатып алған кезде ондай жағдай болмайды.

Еуропалық ComplianTV зертханасы Samsung-ты теледидарлардың энерготұтынушылығын тестілеу кезіндегі нәтижелерді бұрмалап берген деп айыптап отыр. Зерттеушілердің сөзінше, оңтүстіккореялық алпауыттың кейбір үлгідегі теледидарлары Еуропадағы ресми сынақ кезінде күнделікті пайдалануға қарағанда аз энергия жұмсайды. Зертхана 2015 жылдың ақпанында зерттеу жүргізгенімен нәтижелері жарияланбаған. Тек кейінірек есептің кейбір нәтижелері Лондондағы конференция кезінде айтылып, Guardian басылымында жарияланды. Samsung өзіне тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарды. Компания өкілінің сөзінше, Motion Lighting технологиясы контентке байланысты тек сынақ кезінде ғана емес, күнделікті пайдаланғанда ғана экранның жарығын баялатуға арналған. "Motion Lighting тек тестілеу кезінде ғана емес, тұрмыста пайдаланғанда да қолданылады. Бұл -  стандартты орнатылған функция",- делінген компания хабарламасында. Технология теледидарлардың қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін арнайы жасалған. Дегенмен, егер Еурокомиссия алаятық фактін дәлелдесе, Samsung-ке ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Еске салайық, осыған дейін АҚШ билігі Volkswagen-ге де автомобильдің қозғалтқыштарындағы улы заттарды шығаратын құрылғылары жалған цифрлар көрсетеді деп айыптаған еді. Автоөндірушіге 18 млрд доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Осыдан кейін Швейцария Volkswagen-ның дизельді қозғалтқыштары үлгісіндегі көліктердің сатылымын тоқтатып, компания басшысы отставкаға кетті.

Похожие материалы