Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ мен Азия даму банкі (АДБ) арасында жалпы сомасы 80 млн АҚШ доллары көлемде кредиттік келісімдер жасалды. Заем теңгеде беріледі, оның көлемі шамамен 30 миллиард теңгеге сәйкес келеді, - деп хабарлайды «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі.
«Самұрық-Энерго» өзінің кредиттік портфелін оңтайландыру мақсатында өткізген маңызды мәміле ірі қазақстандық энергетикалық холдинг пен беделді халықаралық қаржылық даму институты арасындағы ұзақ мерзімді және берік әріптестікті ресми түрде бекітті. АДБ үшін Самұрық-Энергомен жасалған келісімдер Қазақстан Республикасындағы алғашқы және бірегей тәжірибе болып табылады. Себебі кредиттер ұлттық валютада беріледі. Қаржыны жалпы корпоративтік мақсаттарға, тиімділікті арттыруға және қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға бағыттау жоспарланған.
Құжаттарға қол қою рәсімі «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламановтың, АДБ Орталық, Оңтүстік және Батыс Азия бойынша инфрақұрылымдық қаржы жөніндегі операциялық департаментінің директоры Шантану Чакрабортидің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың қатысуымен өтті.
Бақытжан Жоламановтың сөзінше, АДБ секілді аса ірі даму институтынан кредиттік қаржының тартылуы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвесторлық базасын кеңейтуге және нығайтуға септігін тигізеді. Бұл жалпы банк пен нарық тарапынан білдірілген жоғары сенім деңгейінің көрсеткіші болып табылады, сондай-ақ «Самұрық-Энергоның» халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына сәйкес келетінін растайды.
Азия даму банкінің өкілі «Самұрық-Энерго» ұстанған бағыт АДБ-ның 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиясының барлық дерлік бағытымен сәйкес келетінін атап өтті.
«Оның үстіне, бұл стратегия әр елге арнап былтыр бекітілген, Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы әріптестік стратегиясымен тығыз қабаттаса жүреді және үкіметтің кепілінсіз мемлекеттік құрылымдарды дамытуды басты назарда ұстайды. Азия даму банкінің Жеке операциялар департаментінің қызметі туралы айта отырып, біз Қазақстандағы жобаларға қатысуымызды айтарлықтай кеңейткіміз келетінін мәлімдейміз және қазіргі уақытта біз жаңартылатын энергия көздерінің үш жобасы бойынша жұмыс істеп отырғанымызды айтқымыз келеді», - деді Чакраборти мырза.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024