Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – «Самұрық-Энерго» мен қазақстандық «PROLUX LED» компаниясының арасында энергосервистік шарт жасалды, - деп хабарлайды «Самұрық-Энерго»-ның үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.
Қол қойылған бұл құжат «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы алғашқы энергосервистік шарт болып отыр. Оның жалпы сомасы 207,8 млн теңгені құрайды. Жобаның мәні – «Богатырь Көмір» кәсіпорнының тау-кен ұңғымалары мен өндірістік алаңдарының жасанды жарық көздерінің көмегімен жарықтандырылуын қамтамасыз етуде жұмсалатын энергияның үнемделуіне қол жеткізу. Шарт аясында қазір пайдаланылып жүрген 1,5 мыңнан астам өндірістік лампаларды жарық диодты лампаларға ауыстыру жоспарлануда.
Пилоттық жоба аясында энергосервистік шарттың тиімділігін анықтау мақсатында, сондай-ақ сілкініске шыдамдылық, шаң-тозаң мен ылғалдан қорғалу деңгейін анықтау үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның объектілерінде 8 жарық диодты шам орнатылып, цифрлы есептегішке қосылды, ал 1 жарық диодты шам роторлы экскаваторға орнатылды. Сынақ мерзіміне жасалған талдау электр энергиясын пайдалану 15 есе үнемделгенін көрсетті.
Яғни, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмір кеніштерінде жыл сайын 7,7 мың кВт.сағ. немесе шамамен 107 млн теңге үнемделеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024