Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» 100% қағазсыз құжат айналымына өтеді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Самұрық-Қазына» қоры өзінің қоржынды компанияларынан қағаз хаттарды қабылдамайды. Осылайша холдинг хаттарды жіберу шығындарын 100% төмендетуді, хаттарды өңдеу жылдамдығын айтарлықтай арттыруды, орындаушылық тәртіпті жақсартуды, маңызды құжаттар бойынша мерзімінен кешігу көрсеткіштерін төмендетуді жоспарлаған. Осының арқасында уақытпен қатар қаржы үнемделеді: 2022 жылға дейін экономикалық әсер жарты миллиард теңгені құрайды.
2018 жылғы шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен қағазсыз құжат айланымына өту жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Ол мекемелердің техникалық мүмкіндігін және ЭСҚ арқылы хат алмасуға өту дайындығын анықтады. Бүгінде хат алмасудың 17% ғана қағазсыз жүзеге асады, ал компаниялардың 36%-да электрондық құжат айланымының тиісті жүйелері жоқ.
Егер қазір қоржындық компаниялардан, әсіресе шалғайда орналасқан компаниялардан жіберілген құжаттарды тіркеу және өңдеу 2 апта ішінде жүзеге асса, жаңа бастама іске асқаннан кейін хаттарды өңдеу жылдамдығы 1 минутқа дейінгі уақытты құрамақ. Бұл үшін ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлері қордың 129 компаниясында электрондық құжат айналымының біріктірілген жүйесін іске қосады.
Жоба жүзеге асқан соң, қор және еншілес мекемелер мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және басқа заңды тұлғалармен қағазсыз хат алмаса алады.
Сонымен бірге қор тұрақты түрде ішкі процестерді оңтайландырып, қағазбастылықты төмендетуді жоспарлап отыр.