Экономика
Выбор редактора
Санкт-Петербург губернаторының экс-орынбасары «Банк ВТБ (Қазақстан)» директорлар кеңесінің мүшесі болды
Санкт-Петербург губернаторының экс-орынбасары «Банк ВТБ (Қазақстан)» директорлар кеңесінің мүшесі болды. Мұндай шешімді банктің директорлар кеңесі 2015 жылдың 30 желтоқсанында қабылдады.
Михаил Осеевский аталған қызметке 2016 жылдың 26 ақпанына дейін тағайындалды. Сондай-ақ, Қанат Досмухаметов аталған банктің тәуелсіз директоры, Дмитрий Забелло Банк ВТБ Қазақстанның кредит комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Михаил Осеевский 2003-2011 жылдар аралығында Санкт-Петербургтің вице-губернатор қызментінде болып, қосымша губернатор әкімшілігін басқарған. 2011 – 2012 жылдары РФ экономикалық даму министрінің орынбасары, 2012 жылы "Банк ВТБ" АҚ басқарма төрағасы және банк президентінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап желтоқсанға дейін "Ерекше экономикалық аймақ" ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2015 жылдың тамыз айынан "Банк ВТБ (Беларусь)" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 2015 жылдың қараша айынан бастап «Банк ВТБ (Грузия)» АҚ бақылаушы кеңесінің мүшесі болды. Фото: gorod48.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024