
Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Аллюминий өндіретін US Rusal компаниясының негізгі иесі Олег Дерипаска АҚШ қаржы министрлігі миллиардерге қатысты санкция жүргізгеннен кейін, дәулетінің 1 млдр-дынан астамын жоғалтты. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index жазды.
Егер 5 сәуір күні Дерипасканың байлығы 7,78 млрд долларға бағаланса, 6 сәуір күні, яғни санкция енгізілген күні Bloomberg оның байлығын 6,63 млрд долларға бағалады.
Гонконгтық биржада Rusal компаниясының акциясы 50 пайызға, ал Мәскеу биржасында шамамен 60 пайзға төмендеді (25-тен 15 рубльге дейін). Алайда сауда-саттық барысында құнды қағаз акциясына 21 рубльден жоғары деңгейге тұрақтанды. Бұл соңғы сауда-саттық сессиясының жабылуы кезіндегі көрсеткіштен 24 пайызға аз болды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025