Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz — Кеше «Sulpak Cinema» компаниясы және «Lumiera Cinema» кинотеатры қазақстандық прокатқа бүгін шыққан «Санта және Компания» фильмінің жабық көрсетілімін өткізді.
«Санта және Компания» француз отбасылық кинотуындысы әлемдік прокатқа 2017 жылы желтоқсанның 3-інде, ал Ресейде - желтоқсанның 14-інде шықты. Жаңажылдық фильм Қазақстанда прокатқа тек бүгін шыққанымен, әлі де көңіл-күйді көтеріп, мерекелік райға бөлейді.
Фильмнің режиссері әрі сценарийін жазған Ален Шаба ("Дидье","Астерикс и Обелиск: миссия "Клеопатра", т.б.) басты рөлді Санта Клаусты сомдайды. Сантаның әйелін Ванда Клаусты "Амели" фильмінде басты рөлді сомдаған Одри Тоту ("Код да Винчи", "Коко до Шанель", т.б.) ойнайды.
[caption id="attachment_81769" align="aligncenter" width="1688"] Фото: media.kg-portal.ru[/caption]Парижде тұратын қарапайым отбасы: жұмысын жаңа бастаған адвокат Тома (Пио Мармаи), оның әйелі Амели (Голшифт Фарахани) және олардың балалары (Тара Люгасси мен Саймон Озерат) Рождествоға бірнеше күн қалғанда, 92 мың эльфі бірдей ауырып қалған Сантаға барын аямай көмектеседі.
Өзіне хат жазған барлық балаларды есте сақтап қалған Санта жылына бір рет қана - Рождество түні көретін балалармен жақынырақ танысып, ақшаның, сауда-саттықтың не екенін біледі.