Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Санжар Тоғай Наурызбай ауданының әкімі болып тағайындалды

Санжар Тоғай Наурызбай ауданының әкімі болып тағайындалды

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Наурызбай ауданының жаңа әкімі болып Санжар Тоғай тағайындалды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бұрын ауданды басқарған Сайран Сайфеденов қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып бекітілді.

Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары, Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды.

Жаңа әкімнің алдына бірқатар міндет қойылды. Соның ішінде кәсіпкерліктің, мәдениет пен спорттың жаңа нысандарын, тұрғын үйлер, медицина және басқа да оқу орындарын салу қажет. Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын одан әрі жалғастыру, Абай даңғылын үңгілеу жобасын уақтылы және сапалы жүзеге асыру тапсырылды. Бизнестің Жол картасы-2020 жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау ісін барынша күшейткен жөн.

Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Наурызбай ауданында бюджетке құйылатын салық түсімі 11 есе артты, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есе өсті, негізгі капитал инвестициясы 4 есе ұлғайды.

Похожие материалы