Экономика
Сарапшы: Алдағы үш жылда әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасын дүрбелеңге салмайды
Алдағы 3 жылда әлемдегi дағдарыс Қазақстан экономикасында кезектi «шок» тудырмайды. ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкерi, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов осындай пiкiр бiлдiрдi деп хабарлайды BNews.kz.
«Әлемдiк экономика өсiмiнiң қарқынын бағалайтын болсақ, бiздiң болжам бойынша, 2015 жылы - 2,1-2,3%, 2016 жылы - 2,3-2,5%, 2017 жылы - 2,2-2,4% болады. Бұл жағдайды бiз базалық сценарий ретiнде қарастырып отырмыз, дегенмен, әлемдiк экономикадағы жағдай бұдан жақсы немесе керiсiнше терiс бағытта дамуы ықтимал. Бiрiншi сценарий бойынша, әлемдiк жетекшi орталық банктер монетарлық ынталандыруды арттыруы мүмкiн», - дейдi сарапшы. Болжамға сәйкес, бұл жағдайда әлемдiк экономиканың өсiмi 2015 жылы - 2,5%, 2016 жылы - 2,7%, 2017 жылы - 2,8%-ды құрайды. Бiрақ, В.Додонов атап өткендей, монетарлық ынталандыру факторының қауiп-қатерi де жоқ емес. «Монетарлық ынталандыру салдарынан нарықтың түрлi секторларында қаржылық «көпiршiк» айтарлықтай дамып, кез келген уақытта жарылып, осылайша жаңа қаржылық дағдарысты туындатуы мүмкiн. Бұған қазiргi уақыттағы көптеген терiс факторлар да ықпал ете алады. Яғни, еуропалық аймақтағы мәселелер, Қытай нарығындағы жағдай, сондай-ақ, АҚШ пен Еуропа одағындағы бiрқатар мемлекеттердiң өте үлкен мемлекеттiк борышы секiлдi дәстүрлi факторларды атап өту керек», - деп тарқатты ойын экономика ғылымдарының докторы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024