Сапарбаев 499 қызметкерін жұмыстан шығарған қытайлық компанияны жабатынын ескертті
Ақтөбе. 30 қаңтар. 7kun.kz - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 499 қызметкерін жұмыстан шығарған "Великая стена" компаниясы қысқартуды ары қарай да жалғаса берсе, заңды түрде компанияны жабатынын ескертті. Бұл туралы Diapazon.kz жазды.
Басылым компанияда жалақы ғана емес, қызметкерлер де қысқаруға ұшырап жатқанын, осылайша әкімдік пен компания арасындағы меморандум сақталмай отырғанын жазады.
Ақтөбедегі жергілікті биліктің айтуынша, - дейді басылым, - "ККБК "Великая стена" ЖШС басшылығы бұрғылау көлемін арттыру үшін қосымша жұмыстар қарастырмаған. Осының салдарынан 2016 жылы 499 адам қызметінен айрылған. Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда орташа жалақы көлемі азайып, әлеуметтік төлемдердің сомасы азайған.
- Барлық жерде жалақы артып жатыр, ал сіздерде - қысқарту. Барлық кәсіпорын әлеуметтік міндеттемелерді орындайды, ал сіздер орындамайсыздар. Онда сіздердің компанияларыңызды жабу керек. Бізге мәселелі компаниялар керек емес. Біздің "Великая стенаның" мәселесін шешуден басқа істейтін тірлігіміз жоқ па? Жұмыссыз қалған 900 қызметкерге жұмыс тауып береміз, бұл - мәселе емес, ал сзідердің компанияларыңызды заңды негізде жабамыз, - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Ал кәсіпорынның бас директоры қызметкерлерін неге қысқартқанын түсіндіріп берді.
- Компания қызметкерлерінің жалақысы шығынның 28 пайызын құрайды. Бұрғылаудың материалды шығыны - 30 пайызды, дизель отыны 30 пайызды құрайды. Тасымалдауға кететін шығындар да бар. 2016 жылы біздің шикізат көлемі үлкен болған жоқ, сондықтан шығынымыз 1,6 млрд теңгені құрады, - деді "Великая стена" ЖШС-ның бас директоры Чжан Цзюнь.
Әкім сөзінің соңында компания құрылтайшыларына хат жіберу керек екенін, экономикалық жағдайын жақсартпаса, құзырлы органдармен заң жүзінде банкрот жариялауға дейін жеткізетінін айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024