Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - 2019 жылдың қазан айының соңында сақтандыру компанияларының активтері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (990,4 млрд теңге) 18%-ға ұлғайып, 1,2 трлн теңгені құрады. Ал сақтандыру активтерінің ЖІӨ-не қатынасы 1,9%-ға (бір жыл бұрын - 1,6%) тең болды. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.
Айта кетейік, соңғы бес жылда сақтандырушылар активтерінің сомасы жылына орта есеппен 14,9%-ға өсті. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасындағы сақтандыру секторының рөлі де артты.
Жоғары өтімді активтердің айтарлықтай өсуі байқалады. 2019 жылдың қазан айының соңында сома 897,6 млрд теңгеге жетті, жыл басынан бері 16,5%-ға өсті. Қазір елдің сақтандыру нарығында 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді, оның ішінде 7-і - өмірді сақтандыру бойынша. Жиынтық активтердегі ТОП-10 сақтандыру компанияларының үлесі 83,9%-ды құрады.
Сақтандыру сыйлықақыларының сегментіндегі динамика да оң көрсеткішті көрсетті. 2019 жылдың қаңтар–қазан айларында сақтандыру сыйақыларының түсімі 416,2 млрд теңгеге жетті - өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 31%-ға артық (317,7 млрд теңге). Халықтың жан басына шаққандағы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 22,4 мың теңгені құрады (бір жыл бұрын — 17,3 мың теңге).
ҚР қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына сәйкес нарық бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2-2, 5 есеге ұлғаяды. Негізінен сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері халықтың жеке өмірін сақтандыруды қоса алғанда, бөлшек ерікті сақтандыруды қамтуды кеңейту есебінен артады. Осы жылдың он айының қорытындысы бойынша ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйақы түсімі 64%-ға, 170,5 млрд теңгеге дейін өсті, бұл жалпы сыйлықақы сомасының 41%-ын құрайды (бір жыл бұрын - 103,9 млрд теңге немесе 32,7%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024