Сарапшы: Халықтың теңгеге деген сенімі тек Ұлттық банкке емес, Үкімет саясатына да байланысты
Saxo Bank-тың бас сарапшысы Джон Харди халықтың теңгеге деген сенімі тек Ұлттық банкке емес, Үкімет саясатына да байланысты деп есептейді. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты.
"Мен халықтың теңгеге сенімі тек Ұлттық банкке байланысты деп ойламаймын. Үкімет инвестиция тарту саясатын қалай жүргізгеніне де қатысты. Reuters жақында ғана шетелдік инвесторлардың (FDI) өнеркәсіпке салған қаржыларының артқанын хабарлаған еді. АҚШ-тың Қазақстанға салған инвестициясы бір жылда 1 млрд долларды құраған. Бұлар Қазақстан экономикасының тұрақтануы мен әртараптануы үшін көмегін тигізеді деп айта аламын",- деді ол.
Сондай-ақ ол үкімет теңгенің күшеюі үшін арнаулы бағдарламаларды жүзеге асыруын жалғастыруы қажет екендігін атап өтті. "Үкімет бюджеттің теңгерімділігіне қол жеткізу үшін және инвестициялық жағдайларды жақсарту үшін жұмыс істеу қажет. Қазіргі жүргізіліп отырған жекешелендіру бағдарламасы осыған дәлел бола алады. Ол Қазақстан экономикасындағы динамиканы көтеру үшін өзіндік импульсқа айналуы қажет", - деді Д.Харди.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024