Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Ұлттық валюта демалыстан кейін долларға шаққандағы өз позициясын 315 теңгенің айналасында сақтап тұр. Сарапшылардың айтуынша, бұған нарықтағы мұнайдың бағасы мүлдем әсер еткен жоқ.
«Альпари» компаниясының сарапшысы Анна Бодрова Инвесторлардың Ресей мен ОПЕК арасындағы мұнай өндірісін азайту туралы келіссөздердің болмай қалғанына алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты.
Қазір мұнай бағасы ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінен алдынғы деңгейде тұр. Бұл түсінікті дейді Forex Club-тың сарапшысы Ирина Рогова. "Себебі трейдерлерге АҚШ-тағы мұнай қоры мен өндірісінің көлемі қысым жасап отыр. Бірақ әзірге, оның көлемі ОПЕК қысқартқан өндіріс көлемінен аз. Қазіргі төмен баға уақытша деп ойлаймын. Өндіріс көлемін азайту туралы келісімге қол жеткізсе, мамырға таман Brent мұнайы барреліне 55 долларға дейін көтерілуі мүмкін", - деп болжады ол.