Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz - Теңге бағамының ауытқуы "Қазкоммерцбанк" пен "Халық банктің" бірігуі туралы келісімге байланысты. Бұл туралы Smart Тicks компаниясы сараптама бөлімінің жетекшісі Арман Бейсембаев хабарлады.
Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай валюта нарығы жоқ. Барлық қаржы ағымын басқаратын бенефициар - Ұлттық банк болып саналады.
"Мен доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 328 теңге деңгейінде ұстап тұру керек деп ойлаймын. Соңғы екі айдағы мұнай бағасын қарасақ ол немесе қатты төмендеген немесе қатты қымбаттаған. Ал теңге болса, бұл кезде едауір тұрақты болды. Дәл сол уақытта маусым-шілдеде Qazkom мен Хлық банктің бірігуі туралы келісім жасалды", - деп атап өтті Арман Бейсембаев.
Оның пікірінше, мәселе мынада: "Qazkom акциялары бойынша депозитарлық қолхаттар Лондон қор биржасының айналымында болды. 2017 жылдың 14 маусымында банк сайтында оның бұл қағаздарды сатып алғандығы жарияланды. Олар долларда номиналданған болатын, ал "Қазком" түсімі теңгемен болды. Делистинг үшін банк теңгені долларға конверсиялап, өзінің депозитарлық қолхаттарын сатып алуы керек еді. Сонда Лондон қор биржасын ол бойынша сауданы тоқтата алады".
"Ұлттық банк осы шығындар тиімді бағаммен сатылуы үшін теңге курсын ұстап тұрған болуы керек. Себебі онда ондаған миллион доллар сома болуы тиіс болатын. Енді бағамды еркін айналымға жібере салды, сондықтан ол мұнайды қуып жетті", - деді Бейсмбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Smart Тicks компаниясы сараптама бөлімінің жетекшісі Арман Бейсембаев доллардың жақын арада 350-370 теңге болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда мәжілісмен Аманжан Жамалов доллар бағамына қатысты басқа пікір білдірді.
Тэги:
- теңге
- доллар
- валюта бағамы
- 7күн кз
- қаржы жаңалықтары
- курс
- 7un.kz
- доллар қымбаттады
- Qazkom акциялары
- доллардың теңгеге шаққандағы бағамы
- теңге құлдырады
- теңге неге әлсіреді
- "Қазкоммерцбанк" пен "Халық банк"
- "Қазкоммерцбанк" пен "Халық банктің" бірігуі
- Арман Бейсембаев
- доллар бағамына қатысты пікірлер
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024