Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Ұлттық валюта өткен аптада долларға қатысты тұрақсыз көрсеткіш көрсетті. Доллар басында 333,09 теңгеге түскенімен, соңына қарай қайтадан 335,5 теңге болды. Мұнай бағасының қымбаттауға біраз ұмтылғаны есебінен АҚШ валютасы құнының 0,2%-ын жоғалтты. Бұл жөнінде "Альпари" бас сарапшысы Анна Бодорова жазды.
Дүйсенбі күні Brent мұнайы 49,73 доллар (-0,4%) болды. АҚШ Федрезервінің алдағы уақытта пайыздық мөлшерлеменің өсуі мүмкін деген қаулысы шикізат белгіленіміне әсер етпей қоймайды. Десе де бір баррельдің бағасы 50 долларға сәл ғана асып отыр. Сол себепті шикізат активінің соңынан теңге де нығаюы ықтимал. Валюталар бойынша жаңа аптаға айтылатын болжамдар нейтрал. АҚШ доллары 336-337,50 теңге шамасында сатылады. Еуро 373-375,0 теңге аралығында қалады деген болжам жасап отыр Бодрова.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024