Сарапшылар еліміздегі тұрғын үйге деген сұраныстың төмендеуінің себебін түсіндірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2015 жылдың қаңтар айында тұрғын үй сауда-саттық келісімінің көлемі 11 384 болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 17, 8 пайызға төмендеген деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы риелторлардың біріккен қауымдастығының президенті Нина Лукьяненконың айтуынша, тұрғын үй сауда-саттық көлемінің күрт төмендеуі мезгілге байланысты болып отыр. Жыл сайын желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында жылжымайтын мүлік нарығы осы кезде мерекелердің көп болуына байланысты баяулайды. Сонымен қатар, Лукьяненко жылжымайтын мүлік нарығының төмендеуіне тағы бір себеп – Қазақстандағы кейбір банктердің теңгемен берілетін ипотекалық несиелерді уақытша тоқтатуы деп атап өтті. Одан бөлек, Лукьяненко девальвация болу қаупінің төніп тұруы да әсер етпей қоймайтынына сенімді. «Үкімет басындағылар девальвация болмайды деп сендірсе де, халық әлі ұлттық валютамызға сенімсіздікпен қарайды. Сол себепті өткен жылғыдай нәтиже шықпай отыр», - дейді қауымдастық басшысы. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан әрі төмендемейді деп күтілуде. Себебі 15 қаңтардан соң нарықта сатып алушылардың белсенділігі артары сөзсіз деп отыр Лукьяненко. Сарапшының айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы төмендемейді. «Бағаны қалыптастыру үшін салмақты себептер мен факторлар бар. Бүгінде кейбір банктер ипотекалық қарыздар беруді жандандырып жатыр. Одан өзге нарықта ұсыныстар саны көбейіп жатқан жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Қолжетімді баспана» бағдарламасына басымдылық беріліп отыр. Бұл дегеніміз нарыққа жаңа арзан объектілер түспейді деген сөз. Жылжымайтын мүлік саласындағы тоқырау көптен бері байқалып келеді және аяқ-асты өзгерістер орнай қоюы екіталай», - дейді Нина Лукьяненко.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024