Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың соңына дейін теңгенің құны бір долларға шаққанда 420 теңгеге дейін құнсызданады. TeleTrade Central Asia сарапшылар тобының жетекшісі Сергей Полыгалов осындай болжам жасады.
«Қазан айының ортасына дейін теңге бағамы тұрақты болады. Одан ары қарай 400-420 теңге көлемінде девальвацияға ұшырайды. Үкіметке Ұлттық банк арқылы Қазкоммерцбанкті «құтқаруға» жұмсалған 2,4 трлн теңгені орнына қойып, ЭКСПО-ға жұмсалған $1,7 теңгені «жабу» керек. Сондықтан қараша айында Ұлттық банк теңгенің құнын түсіреді», деді С.Полыгалов бүгін өткен баспасөз мәслихатында.
Оның пікірінще теңге/рубль бағамы 5,45-5,54 теңге айналасында болады. «Қазір рубльдің құны жасанды түрде көтеріліп жатыр. Соңғы рет құнынын көтерілуі салық төлеу кезеңіне сәйкес келді. Осы дүйсенбіде 60 рубль/$1-ға төмендеді. Қазақстан мен Ресей мұнайға тәуелділіктен арылған жоқ. Доллардың бір долларға шаққандағы құны 65-68 рубльге дейін баруы мүмкін»,- деді С.Полыгалов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024