Көптеген сарапшылардың ойынша, дәл қазіргі уақытта Қазақстан үшін теңге құнсыздануы мүмкін деуге еш негіз жоқ.
"Назарбаев пен Қазақстанның Ұлттық банкі бұрыннан бері бірлесіп жұмыс істейді. Теңге курсы келісілген, салыстыра тексерілген, шикізат бағасы ескерілген және алтын қоры толтырылған. Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігі мықты. Ешқандай саяси қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті, теңге девальвациясы болады деп қорқудың қажеті шамалы", - дейді "Альпари" бас сарапшысы Анна Бодрова. Оның айтуынша, ағымдағы мұнай бағасында доллар курсының 184-186 теңге болуы қалыпты. "Жыл соңына қарай АҚШ долларының бағасы 183-188 теңге болуы мүмкін. Олай болу себебі - 2016 жылға қарай орын алуы мүмкін шикізат бағасының ауытқуына байланысты", - деп топшылайды А.Бодрова. IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашовтың айтуынша, Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері ұлттық валютаның құнсыздануы болмайтынын көрсетіп отыр. "Республиканың таза халықаралық қорлары өсіп келеді. Өткен жылдың маусымынан ағымдағы жылдың наурыз айы аралығында қор көлемі 10,5%-ға өскен. Осылайша, ақша базасы 11,5%-ға азайды. Нәтижесінде, Қазақстанда наурыз айында инфляция 5,2%-ға төмендеді. Қаңтар айында ол көрсеткіш 7,5%-ды құраған еді", - дейді Д.Лукашов. IFC Markets сарапшысының ойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі белгілеген теңге курсының ауытқу диапазонын қайта қараудың қажеті жоқ. "Курс осы ағымдағы деңгейде қала берсе болады ", - дейді Д.Лукашов. "Сентрас Секьюритиз" АҚ сарапшылары да девальвацияның болуы мүмкін деген қауіпті жоққа шығарып отыр. "Девальвацияның болу ықтималдығын көбейтетін қатерлер азайды. Яғни, Brent маркалы мұнай бағасы қазір 60 доллардан жоғары, ресейлік рубль қалпына келді, долларға қарасты 50-53 рубль шамасында сатылып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті күні кеше үкімет девальвация жасауды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеген еді" – деп пайымдап отыр "Сентрас Секьюритиз". Дүйсенбі күнгі брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кенеттен теңге девальвациясы болмайды деп айтқан еді. Ағымдағы курс – бір АҚШ доллары үшін 185,8 теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024