Сарапшылар грек дағдарысының Қазақстан экономикасына қаншалықты әсер ететіндігін айтты. Бұл жөнінде Tengri FM тілшісі хабарлайды.
"Асыл Инвест" АҚ-ның сараптама департаментін директоры Айвар Байкеновтың айтуынша, Грекиядағы жағдай Қазақстанға тікелей әсер ете алмайды. Бірақ, жанама әсері болары сөзсіз. Байкенов грек дағдарысының екі нәрсеге әсері болады дейді: қор нарықтарына және Қазақстанның экономикасына. Қазірдің өзінде Лондон биржасында қазақстандық компаниялардың акциялары түсіп жатыр. Мәселен, Халық банкі, ҚМГ акциялары 2-3 пайызға түскен. "Егер грекиялық дағдарыс еуроаймақтағы дағдарысқа әкеп соқса, Қазақстан экономикасының біраз ауыр күндерді бастан кешіруі мүмкін. Барлығымыз білетіндей, Қазақстанның экспорт құрылымында Еуропаның үлесіне барлық экспорттық ағындардың 50 пайызы тиесілі. Негізен, ол - мұнай. Дағдарыс осы салада байқалатын болады. Жекелеп айтқанда, біздің өнімімізге Еуропаның сұранысында байқалады", - деген пікірімен бөлісті Айвар Байкенов. Ал, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының басшысы Олжас Құдайбергенов болса, бұл дағдарыстың соңы Грекияның дефолтымен және еуроаймақтан шығуымен аяқталады. "Егер Грекия әйтеуір еуроаймақтан шығатын болса, Еуропа барлығының білінбестей болуы үшін қолынан келгенін жасайды. Әлемдік нарықта байқалмауын басты назарда ұстайтын болады", - дейді Құдайбергенов Грекия дағдарысының Қазақстанға еш әсері болмайтынын айта отырып. Естеріңізге сала кетсек, Грекияның қарызы бірнеше айдан бері ел мен оның несие берушілері арасында қызу талқыға салынып жүр. Еуротоптың кезекті отырысын сенбі күні, 27 маусымда Брюссель қаласында өткізу жоспарланып отыр. Ал, Грекия болса өз кезегінде Германиядан Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысындағы зардаптарды өтеп беруін бірнеше рет талап еткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024