Нарықтың кәсіби қатысушылары Қазақстан қор биржасындағы ең тартымды активтерді атады. Халықтық IPO дебютанттары «KEGOK» АҚ мен "ҚазТрансОйл" АҚ көш бастап тұр. Сонымен бірге "Баст" компаниясының, Халық банкінің және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндірудің құнды қағаздары да алдыңғы қатарда. Бұл жөнінде Halyk-ipo.kz хабарлайды.
2015 жылдың соңына дейін KEGOK акциялары 1,5 пайызға өсіп, 610 теңгеден сатылатын болады деген болжам жасайды инвесторлар. Ал, ҚазТрансОйлдың құнды қағаздары қазіргідей 800 емес, 900 теңге болады деп күтілуде. "Баст" тау-кен компаниясында да айтарлықтар өсім болады дейді сарапшылар. Аталған компания KASE индексіне кірмейді. Акциялары 34 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Компанияның кен орнында жез бен никельдің қоры 2 млн доллардан асып түседі.
Жақсы өсім көрсеткіші "Халық банкінде" де бар. Ол Лондон биржасында сатылып, жақсы несие қоржынына ие. IPO-ға орналастырмай тұрғанда акциялары 10,4 теңгеден сатылған болса, бүгінде 38,47 теңгеден сатылуда. Алдағы уақытта бір құнды қағазы 43 теңгеден болуы мүмкін деген болжам жасайды сарапшылар.
Осы жылы Лондон биржасына өткен соң "Қазақтелеком" компаниясы акцияларының өтімділігі жоғары болады дейді қатысушылар. Бүгінше орташа қағаздарының орташа құны - 12 165 теңге.
БанкЦентрКредит акцияларының өтімділігі төмен. Десе де, ол өз бағасы емес, инвестициялауға жақсы дейді сарапшылар. Акциялары 168 теңгеден сатылып жатыр. Ал, негізгі құны 250 теңге болуы керек еді.
Әлем бойынша ең көп өтетін құнды қағаздар Bank of America-ға тиесілі. Нью-Йорк биржасында да, долларға байланып, теңгемен жергілікті жерде де сатылады.
Қор нарығындағы ахуал кәсіби қатысушылардың айтуынша, жақсы деңгейде. Көптеген қаржы активтерінде ұзақ мерзімдік түрлерінен келешекте жағымды шама күтіледі. Ал, жақындағы валюта дәлізінің кеңейтілуі алдағы уақыттағы сатып алуларға белгі болды десе де болады.