Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшылар: Н.Назарбаевтың қазақ тілінде мәлімдеме жасауынан саяси астар іздемеу керек

Сарапшылар: Н.Назарбаевтың қазақ тілінде мәлімдеме жасауынан саяси астар іздемеу керек

Қазақстандық сарапшылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында көтерген бастамаларына қатысты пікірлерін білдірді.

Сарапшылар ең алдымен әлем мемлекет басшыларының алдында қазақша сөйлеген Елбасының әрекетіне назар аударды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің төрағасы Алтай Абибуллаевтың сөзінше, бұл жерден саяси астар іздеудің қажеті жоқ. "Мен үшін және ҚР-ның басқа азаматтары үшін бұл маңызды белгі. Бұл тек мемлекеттік тіл ғана емес,  белгілі бір деңгейде елдің символы. Елбасының әлемдік мінберде қазақ тілінде сөйлеп бәрімізді қуантты. Ұзақ уақыттан бері тілеп, талап етіп келе жатқан мемлекеттік тілдің шын мәнінде өз деңгейіне көтерілгендігін көрсетеді",- деді ол фейсбуктегі парақшасында. Сессия кезінде әлемдік БАҚ назары Елбасының ұлтаралық бірыңғай валюта енгізу туралы ұсынысына ауды. Елбасы Бұл жаһандық дағдарыстың алдын алуда септігін тигізетінін мәлімдеді. "Жаһандық тұрақты даму мен гүлденуге жауап беретін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер ортақ валюта құру туралы жұмыс істеуіміз керек", - деген еді президент Н.Назарбаев Бас ассамблеяда сөйлеген сөзінде. Расул Жұмалының сөзінше, экономиканы жүргізуде бірыңғай валюта туралы мәселе қозғау әлі ерте. "Бұл жаңа идея емес. Президенттің өзі доллар мен алтынның орнына әлемдік ортақ валюта енгізу мәселесін көтерді. Доллар мен еуроға қатысты ақшалай-валюталық жүйе әлі аяқталған жоқ. Негізінде идея дұрыс. Алайда бұған басқа елдер, дамыған экономика әлі дайын емес. Қытай, АҚШ және Еуропалық одақ мұны қабылдайды деп айта қою қиын» - деді саясаттанушы. Өз кезегінде Қазақстандағы стратегиялық зерттеу институтының ғылыми істер директорының орынбасары Санат Күшкімбаев аталған мәселе ұлттық стратегия бойынша барлық мемлекеттердің қызығушылығын тудырғанымен, бұл ертеден қозғалған мәселе екенін жеткізді. Қазақстан басшысы көтерген атаулы мәселенің бірі БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азия орталығына ауыстыру болды. Санат Күшкімбаевтың ойынша, БҰҰ аталған географиялық аймаққа  өз күшін жұмылдыра алады. «Бұл тек географиялық жағынан ғана маңызды емес. Орталыққа келу арқылы жаһандық мәселелерді шешу деңгейі барынша артады», - деді ол. Расул Жұмалы штаб-пәтерін көшіру Азия елдерінің  БҰҰ-дағы рөлін барынша арттырады деп санайды.  "БҰҰ-ның уақыты өтіп барады. Ұйым құрылғалы 70 жыл уақыт өтті. Көп нәрсе өзгерді. Азияның әсері барынша күшейді. Негізінен БҰҰ-да Азия елдерінің күшін арттыру, ондағы қауіпсіздік кеңесіне Азия елдерін қосу жақсы идея. Тек БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қатысушылары кеңесте иелік ететін артықшылықтарынан айырылғысы келмейді. Олар бұл мәселеге аса қызығушылық танытпайды», - деді сарапшы. Сондай-ақ, сарапшылар Президенттің БҰҰ-ның қамқорлығымен Астанада «жасыл» технологияны дамытушы Халықаралық орталық пен инвестициялық жобаларды салу туралы ұсынысын талқылады.  Бұл туралы Санат Күшімбаев жасыл технологияның Қазақстан үшін тиімді екенін, осыған байланысты бұл саланы дамыту керектігін жеткізді. Сарапшылар Нью-Йорктегі ел президентінің көтерген мәселелері тікелей БҰҰ-на қатысты болғанын мәлімдеді. "Мен үшін Президенттің ұсыныстары жаңа қадамдарға жол ашып отыр. Жас мемлекеттің атынан жасалған Елбасының баяндамасы амбициясы зор идеялардың негізі болды. Аталған мәселелер бір жылда орындалмаса да, ұзақ жылдар бойы өз перспективасын сақтайды", - деді С. Күшімбаев. Халықаралық БАҚ Н.Назарбаевтың мәлімдемесі туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның сессиясындағы ұлтаралық валюта енгізу, БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің құзыреттілігі туралы санкциялары жайында айтылған ұсыныстарын Ресейдің ақпарат агенттігі ТАСС жазды. Сондай-ақ, халықаралық терроризммен күрес, Минск келісімінің орындалуы туралы пікірлері хабарланды. Ал РИА Новости Ел президентінің ұлтаралық валюта енгізу туралы ойы мен БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіру туралы жолдауын ерекше атап көрсетті. Ресейлік және америкалық БАҚ сессия кезіндегі Б. Обама мен В. Путиннің бір біріне деген танытқан қарым-қатынастары туралы жарыса жазылғандығы белгілі. Осы мақала жазылар кезде Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың баяндамасы жайында батыс сайттарында айтарлықтай ешнәрсе жазылмаған. Ядролық қарудан бас тарту туралы баяндамасы Канада аумағына тиесілі интернет-ресурстарынан табылды. Естеріңізге сала кетейік, The Washington Post ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың The Associated Press-ке берген сұхбатын жариялаған еді. Қазақстанның сыртқы істер ведомствасының басшысы  Қазақстандағы эстремизммен күрес мәселесі туралы пікірін айтып, Ресейдің Қазақстанға басқыншығы туралы сценарийдің мүмкін еместігі туралы мәлімдеді.

Похожие материалы