Нұр-Сұлтан. 28 маусым. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын 2022 жылы өткізетінін жариялады. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын бастапқы орналастыру AIX және KASE алаңдарында жүргізілетін болады.
Осы мақсатта Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, қазақстандық жетекші инвестициялық банктерді тартты.
Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ жеке және институционалдық инвесторларды барынша қамтуды жоспарлап отыр.
«Халықты барынша тарту мақсатында, біз Қазпоштаның, биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мысал үшін, акцияларды үйден шықпай-ақ мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, сатып алуға болады, ал шалғай өңірлер үшін – Қазпошта бөлімшелерінің қызметтері пайдаланылады», – деді Сәтқалиев.
Қор басшысы барлық қазақстандықтарды елдегі жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алуға қатысуға шақырды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024