Алматы. 24қаңтар. 7kun.kz – «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының логистика және тасымалдау комитеті төрағалығына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бір ауыздан сайланды, - деп хабарлайды atameken.kz.
Жиын барысында комитет биылғы жылға міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, комитет көлік саласындағы әкімшілік кедергілер мен салықтық ауыртпалықты азайту, бәсекелестікті арттыру және логистика тиімділігінің индексі (LPI) көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Айта кетейік, сала үшін 2018 жыл жемісті болды. «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов биыл жұмысты салалық мәселелерді шешуге бағыттау қажеттілігіне назар аударды.
«Келесі айдан бастап саланың даулы мәселелерін егжей-тегжейлі қарайтын боламыз. Комитетпен бірлесіп, салық салу мен тарифтер мәселесін шешуіміз керек. Сонымен қатар саладағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер бойынша жүйелі мәселелер шешілмей келеді, оларды «Атамекен» 2019 жылы Комитетпен бірге шешетін болады», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Жиын соңында Kazlogistics Қазақстан көлікшілері одағының төралқасы құрамы мен төрағасын сайлау, жаңа мүшелерді қабылдау, бюджетті бекіту, 2019 жылға жұмыс жоспарын бекітуге қатысты Kazlogistics Қазақстан көлікшілері одағының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024