
Сауд Арабия 2014 жылы мұнай экспорты көлемін 5,7%-ға немесе тәулігіне 7,11 млн баррельге дейін кеміткен. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды. Желтоқсан айындағы өндіріс тәулігіне 9,63 млн баррель болса, қараша айында 9,61 млн баррельді құраған.
Ал осы арада, әлемдегі ең ірі экспортер, сауд арабиялық мұнай мемлекеттік корпорациясының банктерден 10 млрд доллар көлемінде несие алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы белгілі болды. Осы қаржының көмегі арқылы Saudi Arabian Oil Co. (Saudi Aramco) жаңа жобалар мен басқа инвестицияларды қаржыландырмақшы, деп мәлімдейді Bloomberg дереккөздері.
Агенттіктің ақпараты бойынша, Saudi Aramco несиесі Персид бұғазындағы 2011 жылдан бергі ең ірі көрсеткіш болмақ.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025