Сауд Арабия билігі Saudi Arabian Oil Co. (Aramco) мемлекеттік мұнай компаниясының құрылымын өзгерту туралы жоспарды мақұлдады.
Жақында екінші мұрагер принц және қорғаныс министрі болып тағайындалған Мұхаммед бен Салман ұсынған қайта құрылымдау жоспарының аясында мемлекеттік компания елдің мұнай министрлігінен бөлініп шығарылады.
Сауд Арабиясының королі Салман сыртқы істер министрін және бірқатар кабинет мүшелерін отставкаға жіберіп, Saudi Aramco ұлттық мұнай компаниясының бас директорын компанияның директорлар кеңесінің төрағасы әрі денсаулық сақтау министрі етті.
Бұған дейін Saudi Aramco директорлар кеңесінің төрағасы Әли әл-Наими болған-тын, қазір ол мұнай өнрекәсібінің министрі.
Аналитиктер Saudi Aramco компаниясының бас директоры болып кім тағайындалатынын күтіп отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024