Сауд Арабиясы қазақстандық бидай жеткізіліміне қызығушылық танытып, үкіметтен экспортерлер үшін субсидия бөлуін сұрады. Бұл туралы Сауд Арабиясының сауда палатасы кеңесінің басшысы Абдулрахман ал-Замил хабарлады.
"Қазақстан мен Сауда Арабиясы кәсіпкерлер кеңесінің жұмысы басталғаннан кейін министрлікпен бірге нақты шешім табуымыз қажет. Қазақстан үкіметі қазақстандық бидайды Сауд Арабиясына экспорттау үшін жеңілдік беріп отыр", - деді ол Астанада өткен бизнес-форумда. "Қазақстандық бидайдың сапасы өте жоғары. Енді бізде экспорттық жетізілімге қарсы проблема болмайды деп ойлаймыз", - деп мәлімдеді ол. Сондай-ақ, сауда палатасының басшысы Сауд Арабиясының "жеке секторды, химиялық өнімдер өндірісін дамытуда табысқа жетіп отырғандығын да" атап өтті. "Біз көптеген елдерге түрлі тауар жеткіземіз. Енді Қазақстанмен мұнай-химиялық өнімдер саласындағы қарым-қатынасымызды дамытқымыз келеді. Біз осы жылы бидай және мұнай-химия өнімдерінің жеткізілім мәселесін шешеміз деп күтудеміз. Сондай-ақ, тікелей рейстер арқылы тауар жеткізу үшін екі ел арасындағы авиациялық байланыс проблемаларын шешуге тырысып жатырмыз", - деді Абдулрахман ал-Замил.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024