Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауда және интеграция министрлігіне жаңа өкілеттіктер берілді

Сауда және интеграция министрлігіне жаңа өкілеттіктер берілді

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Сауда және интеграция министрлігіне шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы қаулы етті: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

«Үкімет: Президент Әкімшілігімен келісе отырып, қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді; осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін», - делінген қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Похожие материалы