Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Алматыда 2016 жылдың сәуір айындағы тұтынушылық бағалар индексі өткен аймен салыстырғанда 100,9%-ды құрады. Азық-түлік бағасы - 1,1%, ақылы қызметтер – 0,2%-ға қымбаттаған. Бұл жөнінде статистика департаменті мәлімдеді.
Азық-түлік тауарларының ішінде балғын көкөніс бағалары қатты қымбаттап, 4%-ға өскен. Атап айтқанда, пияз – 12,5%, сәбіз - 9,6%, тәтті бұрыш - 6,8%, картоп – 5,5%, қызылша - 5,2%-ға қымбаттаған. Ал, қияр мен қызанақ бағасы болса, керісінше 0,6-23,8%-ға арзандаған.
Жемістер бағасында да өзгерістер бар. Олар 3,4%-ға қымбаттаған. Алма мен алмұрт - 4,2-4,3%, жүзім - 3,9%, банан, лимон және апельсин бағасы 0,5-3,6%-ға өскен.
Балық пен теңіз өнімдері өткен айға қарағанда 1%-ға қымбаттаған (теңіз өнімдері - 3,5%, балық - 1,5%, консервіленген түрі– 0,7%-ға өскен). Бірақ, тоңазытылған балықтың бағасы 0,1%-ға түскен.
Алкоголь ішімдіктерінің бағасы 2,4%-ға (сыра – 4,1%, арақ – 2%, коньяк – 1,8%, шарап– 0,4%), алкогольдік емес ішімдіктер – 0,4%-ға өскен. Себебі, жемістер мен көкөніс шырындары да 4,1%-ға қымбаттап отыр. Минерал және ауыз су бағасы 3,5%-ға өскен. Темекі өнімдерінің бағасы 0,3%-ға өскен.
Енді ет өнімдері бағаларындағы өзгерістерді қарастырып көрелік. Қой еті 1,1%, жылқы еті - 0,8%, жартылай дайын ет өнімдері – 0,5%, сиыр және шошқа еті - 0,2-0,3%ға арзандаған. Ал, бағасы қымбаттағандардың қатарында құс еті (2,9%), шұжық өнімдері (0,8%) бар. Жалпы алғанда ет өнімдерінің қымбаттауы 0,2%-ды құрап отыр.
Бағасы түскендердің ішінде ұн да бар. Бірінші сұрыптағы ұн бағасы – на 3,3%, жоғарғы сұрыптағы ұн – 1,9%-ға арзандаған.
Сүт өнімдерінің бағасы 1,1%, жұмыртқа 4,1%, қант – 2,2%, күріш - 1,8%-ға түскен.
Тұрмыстық тауарлардың ішінде кілем бағасы 5,3%, ыдыс-аяқ - 3,2%, киім тігуге арналған материалдар - 3,1%, фармацевтикалық өнімдер - 2,4%,киім және аяқ-киім - 1,7%, жиһаз - 1,3%, канцеляриялық тауарлар, газеттер, кітаптар - 0,8%, жеке күтімге арналған өзге де тауарлар - 0,6%-ға өскен.
Ақылы қызметтер саласында тарифтердің өсімі байқалды. Мәселен, амбулаторлық қызметтер - 4,7%, медициналық зертханалар қызметі - 7,6%, күндізгі станционарда емделу - 3,7%-ға қымбаттаған. Ал, шипажайлар қызметі болса, керісінше 2,5%-ға арзандаған.
Қонақ үй қызметтерінің тарифі - 6,9%, киім тазалау және жөндеу - 2,7%, мәдениет, ойын-сауық және демалыс саласы - 0,2%, фотографтар қызметі - 1,3%-ға арзандаған. Ойын-сауық саябақтарының бағасы 1,1%-ға өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024