Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,2%-ға артып, 27 822 теңге болды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлайды.
Бұл ретте ет пен балық сатып алуға кеткен шығыстар үлесі 20,2%-ды, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа – 15,9%-ды, жемістер мен көкөністер – 9,1%-ды, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 7,6%-ды, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,2%-ды құрады.
Айта кетейік, ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс. Ең төменгі тұтыну себеті - адамның табиғи және құндық мәнде өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024