Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) интеграция аясында өз экономикасын бақылауда ұстаудан бас тартпауы тиіс. Жұма күні Алматыда өткен пресс-конференция барысында Saxo Bank басшысы Ларс Сейер осындай мәлімдеме жасады.
Сарапшыны әсіресе Қазақстанның ЕАЭО аясындағы ортақ валюталық одаққа қосылу мәселесі алаңдатады.
"Брюссельдегі бюрократия, демократияны елемеу, капитализмге деген сенімсіздік, саясаткерлерге және олардың шығындарына әсер етуі мүмкін басқарылмайтын нарық алдындағы қорқыныш - еуропалық экономиканың қазіргі нашар жағдайын тудырған көптеген себептердің бірі. Алайда, бұның бәрі негізінен еуроға байланысты. Сіздер өздеріңнің жеке экономикаларыңды бақылауда ұстаудан ешқашан бас тартпауыңыз тиіс. Еуро ауыр жағдайда, он жыл ішінде Еуроаймақ мұның бәрін қиратады. Еуроодақ аясындағы ең үлкен қателіктердің бірі - ортақ валютаның енгізілуі, бұл апатты құбылыс", - деп мәлімдеді Л.Кристиенс.
Saxo Bank басшысы Қазақстан Еуразиялық одақ негізге алған бастапқы идеяларды ұстанады деген сенімде, бұл идеялар - еркін сауда аймағын құру үшін тосқауылдарды барынша жою, капиталдың, қызметтер мен еңбек ресурстарының еркін ауысуы.
Сонымен қатар Saxo Bank бас экономисті Стин Якобсен экономика мұнай бағасының төмендеуінен және Ресей мен Украинадағы жағдайдан зиян шеккеніне қарамастан, Қазақстандағы жағдай соншалықты нашар емес деп есептейді.
"Үкімет "ауыр соққыларды" тудырушы валюта девальвациясының алдындағы үрейді жеңуі тиіс, бұл қорқыныштың орнына компанияларды капиталдарын қайта Қазақстанға қайтарғаны үшін ынталандыра алатын стимулдар құрылымын құруы тиіс. Бұл елде бұған мүмкіндік бар, себебі елдің шағын және орта бизнеске зейін қойғандығы анық", - деп түсіндірді экономист.
С.Якобсонный айтуынша, Қазақстан - Азияның инфрақұрылымды дамыту банкінің құрылуынан пайда таба алатын бірден-бір мемлекет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024