Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк «Еңбек» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша көшбасшылық орнын сақтап келеді

Сбербанк «Еңбек» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша көшбасшылық орнын сақтап келеді

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Сбербанк Қазақстан «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша көшбасшылықты сақтап келеді.

Банк бағдарлама басталғаннан бері (2017 жылғы тамыз айынан) жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге 557 кәсіпкерді қаржыландырды.

Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен бастап белсенді қатысуда. 2019 жылы «Даму» Қоры Сбербанкке 2,78 млрд теңге қаражат бөлді, ол бойынша бүгінгі таңда белсенді түрде игеру жүргізілуде.  

«Start up жобаларды қолдауды көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» - бұл жаңадан бастап жүрген кәсіпкерге өзінің бизнесін ұйымдастырумен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік қолдаудың тартымды және әлеуметтік маңызды бағыты» , - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.

Сбербанк 2019 жылдың басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге барлығы 109 отандық кәсіпкерді қаржыландырды.

Похожие материалы