Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Қазақстандық банктердің арасында Сбербанк Қазақстан «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелер беруде көшбасшылардың бірі болып табылады.
«7-20-25» бағдарламасы - бұл қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынатын әлеуметтік бағдарлама. Осы тұрғын үй бағдарламасының басталған сәтінен бастап, Сбербанк Қазақстан 2019 жылдың 5 маусымындағы жағдай бойынша 12,7 млрд теңгеден астам сомаға 1,147 ипотекалық несие берді.
Тұрғын үй несиелерінің ең көп саны республиканың астанасы Нұр-Сұлтан қаласында рәсімделіп, жалпы сомасы 6,9 млрд теңгеге 543 өтінім мақұлданды. Одан кейін 3 млрд теңге мөлшерінде 258 ипотекалық қарыз рәсімдеген алматылықтар. Үшінші орында Сбербанк 900 млн теңгеден астам сомаға 118 өтінімді мақұлдаған Қостанай облысын тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024