Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың бірінші жарты жылдығы ішіндегі қысқартылған аралық қаржылық есептілік нәтижесі бойынша Сбербанк таза табысын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі еседен артық 24,4 миллиард теңгеге дейін ұлғайтты.
Табыстың артуы таза пайыздық және провизияны қысқартумен байланысты.
«Сбербанк Қазақстан нарығында жетекші және тұрақты қаржы институты ретінде Жайғасымын нығайтуға бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған орта мерзімді даму стратегиясын жоспарлы іске асыруды жалғастырды. Бірінші жарты жылдықта бөлшек және корпоративтік кредиттеуді қоса алғанда бизнестің барлық бағыттарын дамытуды, соның ішінде мемлекеттік қолдау бағдарламалары құралдарын қолдана отырып жалғастырдық», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.
- Активттер – 1,7 трлн. теңге. Нарықтағы үлесі - 7,1%;
- Міндеттемелер – 1,5 трлн. теңге. Банк секторындағы үлесі - 7,3%;
- Клиенттердің қаражаттары – 1,3 трлн. теңге.
- Жеке капиталының мөлшері 4 %-ға, 157 млрд. теңгеге дейін азайды. Нарықтағы үлесі - 5,2%;
- Кредиттік портфель 3 %-ға, 997,3 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Банк секторындағы үлесі - 8,4%;
- Банктік таза табысы екі еседен артық ұлғайып, 24,4 млрд. теңгені құрады;
- Таза пайыздық табыс кредиттік портфельдің құнсыздануына резервтен кейін 142%-ға ұлғайып, 26,5 млрд теңгені құрады.
ҚР Ұлттық Банкінің 01.07.2018 жылғы мәліметтеріне сәйкес «Сбербанк» АҚ ЕБ активтерінің көлемі, несиелік портфелі және клиенттердің міндеттемелері бойынша 4 орын алады және жеке капиталы бойынша Қазақстандағы 32 банктің арасында 7 орынды алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024