Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанктің Қазақстандағы еншілесін мемлекет сатып алуы мүмкін

Сбербанктің Қазақстандағы еншілесін мемлекет сатып алуы мүмкін

Қазақстан. 11 мамыр. 7kun.kz – «Бәйтерек» мемлекеттік холдингі «Сбербанк Қазақстан» банкін сатып алуға негізгі үміткер. Оның капиталына келіссөздердің екінші кезеңінде ЕҚДБ да кіре алады, деп хабарлайды 7kun.kz Frank Media-ға сілтеме жасап.

Ресейлік банктер санкциялар салдарынан Қазақстандағы активтерін сатуға мәжбүр. Мәселен, 6 мамырда Альфа-Банктің қазақстандық еншілес ұйымын жергілікті «ЦентрКредит» несие ұйымы сатып алды.

Медиада Сбербанктің де еншілес ұйымы сатылатыны хабарланған еді. Оның республикадағы бизнесі қазақстандық Альфа-банктен әлдеқайда көп.

«Сбербанк Қазақстан» активтерінің көлемі бойынша еліміздің банк жүйесінде төртінші орында тұр. Оның активтер көлемі 1 сәуірдегі жағдай бойынша $6,2 млрд құрады, ал капиталы $848,7 млн теңгеге тең.

Әзірге Сбербанктің еншілес ұйымына негізгі үміткер Қазақстан үкіметіне тиесілі «Бәйтерек» холдингі. Оны банк серіктесі Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірге сатып ала алады.

«Бәйтерек» қазір жалғыз ықтимал үміткер», – дейді Альфа-Банк пен Сбербанктің қазақстандық активтерін сату жөніндегі келіссөздерден хабардар дереккөз. Оның айтуынша, ЕҚДБ енді Сбербанктен өзінің еншілес ұйымын тікелей сатып ала алмайды, сондықтан екінші кезеңде мәмілеге қосыла алады.

ЕҚДБ күтпеген жерден қазақстандық реттеуші АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасымен (OFAC) санкцияланған банктерді ресейлік капиталмен сату мүмкіндігіне құжаттарды тапсыруда келісетін тізімге қосылды.

Похожие материалы