Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Ресейге ұшатын рейстер санын көбейтеді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушыларды үздіксіз тасмалдау мақсатында агенттік қазақстандық SCAT әуекомпаниясымен бірлесіп, елдер арасындағы тұрақты рейстер санын арттыру мәселесін талқылады.
"Соның ішінде Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін және Алматы - Мәскеуге аптасына 7 рейске дейін", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Ресейге ұшуды тоқтататыны хабарланған еді.
Айта кетейік, SCAT – Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушылардың бірі. Бүгінгі таңда авиакомпанияның ұшақтар паркінде АҚШ пен Канадада шығарылған 26 ұшақ бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024