SCAT әуекомпаниясы мерекелік іс-шараларға байланысты Мәскеу қаласына ұшу тарифтерін азайтып жатыр. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Демалыс кезеңінің басталуы мен балалар және отбасылық іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылуына орай Мәскеу қаласына ұшу бағасы орта есеппен 30 пайызға арзандады. Осылайша, Ақтау-Мәскеу-Ақтау бағыты 48 132 теңге, Ақтөбе-Мәскеу-Ақтөбе бағыты 40 077 теңге, Шымкент-Мәскеу-Шымкент бағыты бойынша 47 045 теңгені құрайды», - делінген әуекомпаниясы таратқан ақпаратта. Акция бойынша билеттерді 2015 жылдың 20 мамыры мен 1 маусымы аралығында алуға болады. Аталған тарифпен 2015 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында Мәскеуге баруға болады дейді компанияның баспасөз қызметі.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024